Поликарбонат

Поликарбонат зат ретінде — бұл өндірісте түйіршіктер түрінде пайдаланылатын қатты, түссіз полимерлік пластик. Ол берік, жеңіл, оптикалық мөлдір, аязға төзімді, жақсы диэлектрик болып табылады және өте ұзақ уақыт бұзылмайды.


Химиялық тұрғыдан алғанда, поликарбонаттар — синтетикалық полимерлер. 
Поликарбонаттың айрықша қасиеттері оның макромолекулаларының бірегей құрылымымен байланысты болып келеді. 
Поликарбонат термопластикалық полимер (термопласт) болып табылады. Бұл дегеніміз, ол өзін қаншама рет балқытқанымен, қатайған кезде өзінің қасиеттерін қайта қалпына келтіріп отырады. Осыған орай поликарбонатты бірнеше рет қайта өңдеуге болады, мұның өзі материалдыэкологиялық тұрғыдан ерекше тартымды ете түседі.


Поликарбонатты табақтар туралы


Поликарбонатты табақтар экструзия әдісімен поликарбонатты түйіршіктерден дайындалады және бірегей пайдалану сипаттамалары мен өте кең ауқымды қолданысқа ие әмбебап материал ретінде ерекше танымалдылыққа ие болды.

 

ұялы 
поликарбонат

— бұл ішкі құрылымы бар, көпқатпарлы конструкцияны танытатын, ұзына бойы тосқауылдармен – қаттылық қабырғаларымен толтырылған бос денелі полимерлік табақ.

монолиттік
поликарбонат

— бұл ішкі бостықтары жоқ тұтас полимерлік табақ. Сыртынан қарағанда, ол кәдімгі шыныны еске түсіреді, бірақ оған қарағанда анағұрлым жеңіл әрі берік болып келеді.

 

Артықшылықтары:

 

Жеңілдігі
Ұялы поликарбонат шыныдан 6 есе, ал монолиттен 2 есе жеңіл — бұл жеңіл түпнұсқа конструкциялар жасауға; салмақ түсетін конструкцияның өткін енін ұлғайту есебінен жарық өткізетін беткейдің ауданын ұлғайтып, көтергіш тетіктерсіз-ақ құрастыруды жүзеге асырыуға мүмкіндік береді. Табақтардың шағынсалмағы салмақ түсетін конструкциялардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді — бұл салынатын нысанның жалпы құнын төмендетеді.

 

Беріктігі
Өз молекулаларының құрылымына орай поликарбонат соққыға төзімділіктің ерекше көрсеткіштеріне ие — одан жасалған панелдер шыныға қарағанда, үлкен салмақтағы жүктемелерді (жел мен қара) ұстап тұруға қабілетті болып келеді. Панелдің ішінде ұя құрайтын көптеген қаттылық қабырғалары ұялы поликарбонаттың салмағына қатысты қосымша конструкциялық беріктік береді.

 

Мөлдірлігі
Монолиттік поликарбонат мөлдір әрі жарықтың 90%-ына дейін өткізеді, бұл кәдімге шынының көрсеткіштерінен жоғары. Ұялы поликарбонаттың панелдері мөлдір емес, бірақ ол да жарық өткізудің жоғары дәрежесіне ие — олардың ішіндегі неғұрлым жұқалары көзге көрінетін спектрдің 85%-ына дейін өткізеді.

 

Жылу- және дыбысты оқшаулау
Биіктікте барлық поликарбонатты табақтарда, ал ұялы поликарбонатты панелдің дыбысты оқшаулауы бос орындарды толтыратын ауаға орай осындай қалыңдықтағы шынымен салыстырғанда 2 есе жоғары.

 

Икемділігі
Салқын күйінде поликарбонат табақтарын күрделі геометриялық пішінді құрылыстарды жабуға арналған мінсіз материал етеді: аркалы және күмбезді және басқа да конструкциялар, геометриялық күрделі құрылыс жобалары.

 

Тазалаудың оңайлығы
Поликарбонатты табақтаркөп мөлшердегі сумен және 100%-дық мақта матасымен оңай тазаланады (ыдыс жууға арналған заттарды немесе құрамында аммиак бар заттардан басқа арнайы заттарды пайдалануға болады, өйткені аммиак поликарбонаттың бұзылуына әкеледі).

 

Құрастырудың қарапайымдылығы
Поликарбонатты табақтарды құрастыру үшін, осындай түс гаммасы мен механикалық қасиеттерге ие ыңғайлы поликарбонатты профилдер қолданылады.

 

Қауіпсіздік
Соққыдан поликарбонат қауіпті сынықтарға шашырамайды, бұл сонымен қатар оған шынының алдында артықшылық береді.

 

Өңдеудің қарапайымдылығы
Поликарбонат табақтары кәдімгі кесетін аспаптармен өңделеді.

 

Температуралық және өрткетөзімділігі
Пайдаланудың кең температуралық диапазоны -40-тан +120°С-ге дейін.

 

Химиялық әсерлер мен қоршаған ортаның әсерлеріне төзімділігі. 
Поликарбонатты табақтар көптеген химиялық заттар мен қосылыстардың әсеріне төзіп, ұзақ уақыт бойы өздерінің сипаттамаларын сақтап тұрады.

 

Басқа материалдармен салыстыру


Мәндер қалыңдығы 4 мм-лік табақтық материалдарға арнап келтірілген. ПММА - полиметилметакрилат; ПВХ-поливинилхлорид; ПЭТ-Г - полиэтилентерефталат-гликоль; ПС-полистирол; СПС –соққыға төзімді полистирол; ПК - поликарбонат.


Поликарбонат табақтарының, табақтық пластиктер мен шынының қасиеттерін салыстыру

 


Қасиеттері

Ұялы ПК

Монолиттік ПК

Шыны

ПММА

ПВХ

ПЭТ-Г

ПС

УПС

Салмағы, кг/м2

0,8

4,8

9,4

4,77

5,5

5,08

4,2

4,2

Минималды бүгіліс радиусы Rмин., м

0,7

0,6

-

1,32

1,0

0,6

-

-

Жылуберіліс коэффициенті, Вт/м2 х 0С

3,8-4,1

5,3

5,8

5,45

 

5,3

 

 

Вик бойынша жылуға төзімділігі, °C

-

145

600*

90-105

70-75

82

98

94-97

Желілік термиялық кеңею коэффициенті К-1·10-5

6,5

6,5

0,9

7

7-9

6,8

8

8-10

Дыбысты оқшаулауы, дБ

15-16

27

30

26

 

 

 

 

Гарднер бойынша соққыға төзімділігі (Дж)

>27

>400

-

0,5

 

 

 

<15

Тіліксіз үлгінің Шарпи бойынша соққылық тұтқырлығы, кДж/м2

18,4

Бұзылусыз

-

10-12

Бұзылусыз

Бұзылусыз

5-6

60

Тілігі бар үлгінің Шарпи бойынша соққылық тұтқырлығы, кДж/м2

 

35-40-тан астам

-

2

2

10

2

8-10

Жарық өткізу коэффициенті, %

80-88

91

84-87

92

87-88

88-90

90

90

*-шынылар үшін


Конструкциялық материалдар ретінде пайдаланған жағдайда табақтық пластиктер мен шынының басым қасиеттерін бағалау (5 балдық жүйеде)

 


Қасиеттері

Ұялы ПК

Монолиттік ПК

Шыны

ПММА

ПВХ

ПЭТ-Г

ПС

УПС

Салмағы

5

4

1

4

2

3

4

4

Салқын күйінде майысу мүмкіндігі

5

5

1

3

4

5

-

-

Жылуоқшаулау қасиеттері

5

4

2

3

 

4

 

 

Жылуға төзімділігі

4

4

5

3

1

2

3

94-97

Жылулықтың кеңеюі

4

4

5

2

2

3

1

1

Дыбысты оқшаулауы

3

5

5

4

 

 

 

 

Соққыға төзімділігі

5

5

1

2

3

4

1

4

Жарық өткізуі

3

5

3

5

3

4

4

4

Жиынтық балл

34

36

23

26

15

25

13

13