Құбыр өнімі

«КЕМИКАЛ Қазақстан Мұнайхимия Компаниясы» ЖШС құбыр өнімінің келесі түрлерін өндіреді:


1)  ПЭ80 немесе ПЭ100 маркалы төмен қысымды полиэтиленнен өндірілетін ГОСТ 18599-2001-ге сәйкес келетін полиэтиленнен жасалған кернеуіш құбырлар. Су және басқа да сұйық және газ тәрізді заттарды тасымалдау үшін қолданылады. Техникалық сипаттамалары. 


2) ГОСТ Р50838-95-ке сәйкес келетін, ПЭ100 маркалы төмен қысымды полиэтиленнен өндірілетін газ құбырлары. Өнеркәсіптік және коммуналды-тұрмыстық пайдалануға арналған жанатын газдарды тасымалдау үшін қолданылады. Техникалық сипаттамалары.


3) Ұйым стандартына сәйкес келетін, поливинилхлоридтен немесе ПЭ80 немесе ПЭ100 маркалы төмен қысымды полиэтиленнен өндірілетін технологиялық құбырлар. Жерастындағы қалыпты емес сілтілеу жағдайында технологиялық ұңғымаларда, сондай-ақ поливинилхлорид төзімді болып келетін сұйық және газ тәрізді заттарды тасымалдау үшін қолданылады.Техникалық сипаттамалары.


 

4) Ұйым стандартына сәйкес келетін, поливинилхлоридтен немесе ПЭ80 немесе ПЭ100 маркалы төмен қысымды полиэтиленнен өндірілетін фитингтер (жалғастырғыштар, үшайырлар, бұрмалар, сүзгілер, бітемелер және т.б.). Технологиялық мақсатта диаметрі әр түрлі құбырларды түйістіруде, бекітуде,  тасымалданатын заттарды сүзгілеуде және т.б. қолданылады. Техникалық сипаттамалары.